Suivant

ТАЛҚЫДАҒЫ ТАҚЫРЫП

12/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Күн мен желден электр энергиясын өндіру тиімді. Бірақ бұл жылдың барлық мезгілінде бірдей іске аса бермейді дейді энергетиктер. Мәселен аймақта мұндай көздерден алынатын энергия мөлшері небәрі 2 пайызды ғана құрайды екен. Қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері «Қазақстандағы атомдық энергетика: оның мүмкіндіктері» тақырыбында пікір алмасты. Бейбіт атом энергиясын пайдалану – жаһандану үдерісіндегі әлемнің ең өзекті мәселенің бірі. Ядролық энергияның тиімділігі мен тұрақтылығы таза энергия көзі ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Дегенмен оның қауіпсіздігі де назарда болуы тиіс. Дөңгелек үстел басына жиылғандар атом электр стансасы мәселесіндегі шешімнің ғылыми негізі болуы қажет екенін ортаға салды. Ғалымдар атомдық энергетика саласының артықшылығы мен елдегі атомдық энергетиканың әлеуетіне тоқталса, Қазақстан Республикасының Құрметті энергетигі, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Мұхитжан Кәрімбаев энергетика саласының қазіргі жағдайы мен электр энергиясы тапшылығын сөз етті. МҰХИТЖАН КӘРІМБАЕВ – ҚР ҚҰРМЕТТІ ЭНЕРГЕТИГІ //Электр энергиясының тапшылығы соңғы 5-7 жылда Қазақстанда бар. Өткен жылды алсақ, 3,4 млрд кВт сағат сатып алдық Ресейден. Оның енді мөлшерін түсіндіретін болсам, біздің үш Қызылорда облысының тұтіну мөлшері. Сондықтан ол жылдан жылға көбейе береді. Көмірден электр энергиясын өндіруге шектеліп жатыр. Париж конвенциясы бар біз оған кіреміз. Соған байланысты ертең ол экологиялық катастрофа алып келеді. Сондықтан бірте-бірте шек қойылып жатыр. Газдың да ондай көп мөлшері жоқ. Атом электр энергиясын өндіру өте актуальді. Біз оны қолдауымыз керек. ++2:27 әрине оның қауіпсіздігі көбісін алаңдатады. Бірақ енді қазіргі технологияларда қауіпсіздігі 100 пайыз сақталған. // Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant