Тарифті инвестицияға айырбастау

12/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Президент тапсырмасына сәйкес өңірімізде тарифтік саясатты жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл саясат коммуналдық салаға инвестиция тарта отырып, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайтуды көздейді. Осы орайда қолғаалынған іс-шаралардың нәтижесінде «Қызылорда су жүйесі» мемелекеттік коммуналды кәсіпорнының ауыз су желілерінің тозу деңгейі 18 пайыздан, 16 пайызға дейін төмендеген. Бұл өз кезегінде ауыз су сапасының жақсаруына септігін тигізбек. КҮЛДАРАЙХАН КЕНШЕМБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІ РММ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ «Кызылорда су жүйесі" МКК-ның су беру 1 мамырдан бастап, орташа тариф 71,85 теңгені құрады немесе 1,6% - ға өзгеруімен, бюджеттік ұйымдар, басқа тұтынушылар үшін және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар үшін 113,34 теңге; 123,35 теңге және 73,47 теңге тарифтер қолданыстағы деңгейінде қалдырылды. Ал 2024 жылға көзделген 563 млн. теңге инвестиция сомасы су желілерінің тозу деңгейін 1,83% - ға немесе 18,9%-дан 17,07%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде. 2029 жылға дейін тозу деңгейін 15%- 20% - ға төмендету мақсатына қол жеткізу үшін осы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par