ТАҢ АУЫЛЫНДАҒЫЛАР ДА ТАҢДАУ ЖАСАУДА

06/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жалағаш ауданы Таң ауылының тұрғындары да бүгінгі референдумда өз таңдауларын жасауда. Еңбекпен еңсе тітктеген елді мекендегі айтулы шараның барысын тілшіміз айтсын. Таңғы 7-ден жұмысын бастаған №136 учаскеге өз таңдауын жасауға алғашқылардың бірі болып аяқ басқан тұрғынның бірі қаржы саласының ардагері - Жарылқасын Қуанышова. ЖАРЫЛҚАСЫН ҚУАНЫШОВА - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ //Бүкілхалықтық таңдау жасап жатырмыз. Келешек жастардың болашағы үшін, халықтың болашағы үшін істеліп жатқан жұмыстар ғой мұның бәрі. 1300-ден аса халық өмір сүретін ауылда дауыс беру құқығына ие 734 адам бар. Үй жағдайында таңдау жасау үшін де арнайы жылжымалы жәшіктер қарастырылған. Учаскіде 5 сайлау комиссиясы және 4 байқаушы қызмет атқаруда. НҰРБЕК ӘБДИЕВ - №136 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Халықтың референдумға қатысу белсенділігі жақсы. 734 адамның 11 үйден дауыс беру құқығына ие, оның 3-уі мүмкіндігі шектеулі жандар болса 8-і жас ерекшеліктеріне байланысты. Таң ауылында егінжай басындағы күзгі орым жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бүгінгі таңда елді мекенде 23 шаруа қожалық бар. Таңалакеуімнен еңбек ұжымдарымен бірге өз таңдауын жасауға келгендердің бірі Қазақстанның Еңбек ері Имамзада Шағыртаев айтулы күннің маңыздылығы мол екендігін жеткізді. ИМАМЗАДА ШАҒЫРТАЕВ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ //Биылғы жыл біз үшін, шаруашылық үшін нәтежиелі жыл болып тұр. Өйткені біз жаңа технологияларды игеру арқылы нәтежиелі жұмысқа қол жеткізіп отырмыз. Референдумды экономикамыздың өрлеуіне маңызды шешім қабылдайтын күн деп есептеймін. Бүгін шаруашылықтың барлық еңбеккерлері келіп бір ауыздан өз таңдауларын жасап жатыр. Сондай-ақ, референдум учаскесі алдында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға естелік сыйлықтар таратылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par