ТЕРЕҢӨЗЕКТЕ ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
#мереке #шыршашамы #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv Тереңөзектің орталық алаңында шырша шамын жағу рәсімі өтті. Мерекелік кеште аудан әкімі жыл ішінде атқарылған жұмыстарды атап өтіп, алдағы жобалармен бөлісті. Ал, тұрғындар жаңа жылда жаңа жетістікке жетуге тілектестіктерін білдірсе, балалар ертегілер еліне саяхат жасап, Аяз ата мен Ақшақардың сыйлығына ие болды. Биыл Сырдария ауданы үшін толайым табыстарға кенелген жыл болды. Нақтырақ айтсақ, аудан бюджеті 12 млрд 215 млн теңгеге жетіп, бұл қаржы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын жобаларға бағытталды. Мәселен, 1,3 млрд теңгеге 20 шақырымнан аса автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтсе, жуырда ғана Сәкен Сейфуллин мен Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғындары көптен күткен көгілдір отынға қол жеткізді. Осылайша, ауданды табиғи газбен қамту көрсеткіші 65,4 пайызға жетті. Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін жаңа үйлер салынды. Ендіэлектр энергиямен қамту бағытында құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. БЕРІК СӘРМЕНБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ Жеке тұрғын үйлермен қамтылмаған халықтың әлеуметтік осал топтары және кезектілікте тұрған азаматтарға 2023 жылы 80 пәтер берілсе, биыл 2,8 млрд теңгеге 140 пәтер салынып, алынды. Электр энергиямен қамту бағытында 2024 жылы 1,6 млрд теңге 2 жоба жүзеге асуда. Оның ішінде Шаған ауылының электр желілерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында газбен қамту жұмыстарына да ерекше мән беріп келеміз. Ауданда Тереңөзек кенті мен Қалжан Ахун ауылдық округі көгілдір отынмен қамтылды. Бұған қоса 2024 жылы жалпы құны 3,3, млрд теңге болатын Шаған және Н. Ілиясов ауылдарына газ желісінің құрылыстарын жүргізу басталды. Тереңөзек кентінде құны 464,9 млн теңгені құрайтын қатты тұрмыстық қалды тұрмыстық қалдықтар салынды. Жергілікті бюджет есебінен 445 млн теңгеге аудан орталығындағы «Тағзым алаңы» абаттандырылып, кентке кіреберістері «Жастар аллеясы» салынуда. Сондай-ақ биыл аудан орталығында 7 көше күрделі жөндеуден өткен. Келесі жылы да ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына баса мән берілмек. Шырша шамын жағу рәсімін әсіресе балалар асыға күтті. Олар ертегі әлеміндегі қаһармандармен, мультфильм кейіпкерлерімен жүзбе-жүз кездесіп, шырша жанында асыр салды. Аяз атаға жарыса тақпақ айтып, мол сыйлыққа кенелді. Ауданның орталығы мен көшелеріне түрлі архитектуралық кескіндер қойылып, жарық шамдармен безендірілген. Көздің жауын алатын әсем көрініс тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлады. Кешкі серуенге шыққан көпшілік жаңа жылдың басты қонағы Аяз ата және Ақшақармен суретке түсіп, мәз-мейрам болды. Мерекелік думан соңында аудан өнерпаздары ән шырқап, шырша маңын шаттыққа бөледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/