Suivant

ТОЙЛА! FAMILY FEST

23/12/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

#отбасы #Familyfest #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv Отбасы орталығында «Тойла! Family fest» рухани-мерекелік кеші өтті. Отбасылық құндылықты насихаттауға арналған шараға 7 жұп қатысып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Тақырыпты тілші тарқатады. Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы. Ұл-қыздарына тағылымды тәрбие беріп, отбасы мен қызметті тең ұстаған жанұялар мерекелік кештің басты қонақтары болды. Отау құрғанына 5 жыл болған жұптардан бастап, 50 жылды еңсерген алтын той иелері бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтары туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, мерейлі жанұялар ситуациялық сұрақтарға жауап берді. Осылайша қатысушылар берік отбасы болудың бір сыры - бір-бірінің мамандығына деген құрметі екенін аңғартты. ГҮЛСІМ НҰРЛАНҚЫЗЫ – «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС РЕДАКТОРЫ Өздерінің өміршең тәрбиесімен көпке үлгілі отбасылар біздің ортамызда бар. Біз осы ойды көпшілікке айтқымыз келіп, ол кісілерді үлгілеп, өнегелігіміз келіп, осы шараны өткізіп жатырмыз.Мерекелік кешке былғары тойдан бастап, алтын тойға дейін, оның ішінде жезді той, никель той иелері де бар. Бұл кісілер жаңадан отбасын құрған жас-жұбайларға ақыл кеңестерін, өмірлік тәжірибелерін, кездескен қиындықтарды айтып, сауалдарға жауап береді. Өмірде де, өнерде де жұптары жарасқан Бақытбек Алпысбаев пен Камила Алпысбаева жарты ғасырдан бері бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Бүгінде өнерлі жұп 3 баласынан 9 немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Алтын той иелері «бақытты некенің сыры - сыйластықта» дейді. БАҚЫТБЕК АЛПЫСБАЕВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ Бірін-бірі сыйлап, бірін-бірі жақсы түсініп, бір-біріне сеніп өмір сүрсе,мен ойлаймын сол махаббаттың ең мықтысы ғой деп. Біздің осы уақытқа дейінгі еш-жәй деспей өмір сүріп келе жатқанымызда осы шығар. Мысалы,өнер жолында Камила менен гөрі бойы ұзындау, әдемілеу жігіттердің ғашығын көп ойнады. Мен бірақ қызғанғаным жоқ, өйткені ол өнер. Кейін жасымыз алпыстан асқаннан кейін өзімнің бәйбішелерімді ойнап жүр. ҚАЛАМҚАС КАРИМОВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ХАТШЫСЫ 15 жыл болып қалды, тұрмыс құрып бала өсіріп отырғаныма, жаңа қатысушылар ішінде елу жылдық тәжірибесі бар алтын ағайларымыздың,апайларымыздың, сол кісілердің өмірлік тәжірибесін көріп өздерінің сөздерін көріп, қызығып отырмыз, бізде осындайға жетсек екен, осындай жастарға тағылым беретін, тәрбие айтатын жасқа жетсек екен деп, осындай жастарға үлгі болатын шаралар көбейе берсін Мерекелік шараға қатысушылар бірге ән салды, отбасыдағы сыйластық пен құрметтің, мәңгілік махаббаттың куәсі болды. Шара соңында көпшілікті сүйсіндірген алтын той иелері жиналғандарға ақ батасын берді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant