Suivant

ТРЕНД ҚУАЛАУ СӘН БЕ?

15/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұлттық сараптама орталығындағы бұл зертханада нитраттар мен пестицидтерге зерттеулер жүргізіліп жатыр. Зертхана жоғары дәлдікпен анықтайтын заманауи құралдармен жабдықталған. Мамандар улы және канцерогенді қосылыстарды, айталық ауыр металдардың бар-жоғын да тексереді. АЙНҰР ШОЙБЕКОВА – ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ Шайн мускат сынамасына зерттеулер жүргізілді. Оның ішінде нитрат қалдықтарын анықтауға экспресс әдіспенен зерттеулер жүргізілді. Жүзімнің 1 кг-да 60 миллиграм болу керек болса, нитрат. Қазір біздің жасаған зерттеудің нәтижесімен 1 кг-ға 1 миллиграм анықталды. Бұл дегеніміз нормадан асушылық байқалған жоқ дегенді білдіреді. Енді әрі қарай жүзім сынамамсын ауыр металл тұздарын анықтауға, пестицидтерді анықтауға зерттеулер жүргізілетін болады. Оның нәтижелері бір күнде шығады. Нарықта 3 мыңнан – 9 мың теңгеге дейін бағаланған жүзімге мамандар сараптама жүргізіп жатқанда, біз тұрғындардың пікірін тыңдап көрдік. Шайн мускатты жеп көрдім, біздің жүзімге ұқсамайды. Дәмі қышқыл. Тиктоктарда шығып жатыр таза емес деп негізі таза, күшті. Кеңес берем. Дәмі маған қатты ұнамады, бірақ анама ұнады. Қазір жастар бәрінің дәмін көру керек, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Жоқ, кәдімгі жүзімнен айырмашылығы жоқ. Ішінде тек дәнекшесі болмаса. Неше түрлі ішіне химия қосылад, еще қымбат. Одан да обычный жүзімді жеген дұрыс деп ойлаймын. Сараптама орталығының нәтижесі де дайын болды. Санитарлық-гигиеналық зертхана қорытындысымен шайнмускат құрамында улы заттар анықталмады. ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығының" Қызылорда облысы бойынша санитарлық-гигиеналық зертханасында "Шайн мускат" жүзім сынамасына СОЭКС нитратотестер құралымен экспресс әдіспен нитрат қалдықтарын анықтауға зерттеу жүргізілді. Норма бойынша 1кг 60мг рұқсат етілетін болса, зерттеу нәтижесінде 1кг 1мг көрсетті, нормадан асқан жоқ. Сондай-ақ, Газохроматография әдісімен ГХЦГ (альфа, бетта, гамма- изомерлері), ДДТ және оның метоболиттері табылған жоқ. Нормасы: 0,05 мг/кг артық емес ГХЦГ (альфа, бетта, гамма- изомерлері), ДДТ және оның метоболиттері 0,1 мг/кг артық болмауы тиіс. НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ Ал біздің аулада жүзім емес, жиде пісті. Жүзімді үзіп-үзіп жесек, жидені жерден жиып жейміз. Мм. Дәмі қандай?! Мұны, әсіресе, алғашқы үскіріктен соң жесең, бал татиды. Біле білсеңіз,жиде көп дертке шипа. Ендеше неге- Сұлу сырдың исі бұрқыраған жидесін трендке айналдырмасқа? Қалай болғанда да трендтке ілесу не ілеспеу әркімнің өз қалауы. Дей тұрғанмен, сән қуалағанша туған жердің топырағында пісіп-жетілген жемістерді брендке айналдырсақ, анағұрлым ұтымды болар еді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant