Suivant

Тілге құрмет татулықты арттырады

02/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бір шаңырақ астында бірлік пен татулықты ту еткен ұлт өкілдерінің ынтымағы көпке үлгі боларлық. Олар қазақ тілін меңгеру арқылы халқымыздың ауыз әдебиеті мен ұлттық өнерімізге де қанық болып келеді. Жұлдызды қалашықтағы түрлі этнос өкілдерінің өмір сүру салтымен танысқан тілшіміз Гүлай Әшекованың бейнематериалына зер салайық. Домбырамен ән салуды жаны сүйетін Руслан Рызманов түрік ұлтының азаматы. Қазақ тілін жетік меңгерген. Бүгінде Байқоңыр қалалық мәдениет үйінде вокалдан дәріс береді. Әншілігі де бір төбе. «Күнделікті өмірде қазақ тілін білгеннің көмегі көп»,- дейді. РУСЛАН РЫЗМАНОВ – ВОКАЛИСТ «1998 жылы Қармақшы ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – түрік. Қазақ тілі негізі маған қиын болған жоқ. Кімнің қалай үйреткенін де білмеймін. Туа біте мен негізі қазақша сөйлеймін. Өзімнің тілімен өте жақын сол себепті негізі қиын тіл емес бізге. Руслан қазір үш тілде еркін сөйлейді. Жұмыс барысында қазақ тілін жиі қолданады. Күн сайын ән үйірмесіне қатысушыларға қазақша ән-жыр үйретіп, өзі де қазақтың халық әндерін нақышына келтіре орындайды. РУСЛАН РЫЗМАНОВ – ВОКАЛИСТ «Осындай егемен Қазақстанда бір елде, бәр шаңырақтың астында көптеген ұлт болып және тату-тәтті өмір сүріп жатқанымызға алғысым шексіз». Ал қазақ тіліне жетік Аслан Махадинов Байқоңыр қаласынан кофехана ашқан. Мемлекеттің тиісті қолдауын сезініп отыр. АСЛАН МАХАДИНОВ – КӘСІПКЕР «Күніне шамамен 100 адамнан көп келеді. Біз 1-1,5 келідей кофе зерносын сатамыз. Одан басқа бізде кондитерлік продукциялар бар. Жалпы 5-6 тілдей білемін. Қазақстан туылып өстік. Туып-өскеннен кейін енді қазақша білуге тырысамыз. Кішкентай кезімізден білу керекпіз деп ойлаймын мен». Осылайша мемлекеттік тілді дәріптеп жүрген кейіпкерлеріміз тіл үйренемін деген адамға еш кедергі жоқ дейді. Бастысы тіл мен ұлттық құндылықтарға деген құрмет маңызды деп біледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant