Тіршілік нәрінен таршылық жоқ
Биыл диқандар судан тапшылық көрген жоқ. Нәтижесінде, жыл басынан бері ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,8%-ға, қайта өңдеу өнімдерінің көлемі 3,3%-ға, ауыл шаруашылығы негізгі қорына салынған инвестиция 19,7%-ға артқан. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев осылай деп мәлімдеді. Жалы облыс бойынша биыл 189 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, мерзімінде толық жинап алынды. Оның ішінде, негізгі дақыл күріштің көлемі 85,6 мың гектарды құрап, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналған. Мемлекет басшысының қолдауымен Сырдарияның жоғарғы ағысындағы мемлекеттермен дер кезінде келіссөздер жүргізілгенінің нәтижесінде, биыл егіс алқаптары сумен толық қамтамасыз етілген. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Биыл су тапшылығын диқандар сезінген жоқ. Өңірде суды үнемдейтін технологияларды қолдану арқылы қазір бірнеше жобаларды жүзеге асыруды біз бастадық. Су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі биыл 4400 гектарға жеткізілді. Бұл бұрыңғы жылдармен салыстырғанда 5 есеге артты. Өңірде үш ірі инвестициялық жоба, осы, үнемдеу технологиясымен жүргізілетін басталып кетті. Атап айтатын болсақ, ағымдағы жылы тамшылап суру әдісімен 800 гектарға жүгері, жаңбырлатып суару әдісімен 184 гектарға сүрлемдік жүгері дақылы егілсе, 800 гектар жерге жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа дақылы өсірілуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/