Suivant

«ТҮГІСКЕН КӨСЕМІ» МЕН «ЖЕТІАСАР АҚСҮЙЕК ӘЙЕЛІНІҢ» РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

03/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Түгіскен көсемі» мен «Жетіасар ақсүйек әйелі». Облыстық тарихи өлкетану музейі осындай құнды жәдігерлермен толықты. Археологтар қазба жұмыстарының нәтижесімен таныстырып, реконструкциядан өткен Тұранның алтын жауһарларын көпшілік назарына ұсынды. «Түгіскен көсемі» б.з.д 7-5 ғасырларға тән. Құнды жәдігер Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде Оңтүстік Түгіскен ескерткішінен табылған. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Оңтүстік Түгіскен қорымына қазба жұмыстарын 20 ғасырдың 60 жылдары жүргізген. Нәтижесінде алтын қылышты сақ көсемінің мүрдесі табылған. Ер адамның қасына қосып жерлерген бағалы заттар мен қару жарақ бүгінде Ресей мемлекеттік тарих музейінің қорында сақтаулы тұр. Ал, Түгіскен көсемінің реконструкциясы түпнұсқаға негізделіп жасалған. РИНАТ КУТДУСОВ, МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖОБАЛЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Өкінішке қарай киімі сақталмаған. Сондықтан біз ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, сырт киіміне қызыл түсті таңдадық. Себебі, қызыл түс оттың, ерліктің, бартырлықтың белгілі саналады. Киімі алтын бұйымдармен әспеттелген. Мұнда арқардың және түрлі жануарлардың бейнесі бар. Қолындағы қару, жарағы қылышы мен жебесін, садағын түпнұсқадағыдай етіп жасадық. Ал, «Жетіасар ақсүйек әйелінің» реконструкциясы Жетіасар ескерткішінен табылған әшекейлі әйел адамның қаңқасы негізінде жасалған. Қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттар Мәскеу қаласындағы Миклухо-Маклай атындағы Антропология және этнология институтының қорында. Археологтар Жетісасардан табылған ақсүйек әйелді шамамен 27-30 жаста деп топшылайды. ӘЗІЛХАН ТӘЖЕКЕЕВ, АРХЕОЛОГ Енді әшекей бұйымдарға келетін болсақ олда қазба барысында кеуде тұсында табылған екі алқа болған. Әйел адамның жеке заттары қола немесе күміс айна, шағын сөмкесі болған. Қазіргі күні Ресейдің ғылыми ұйымдарында Жетіасардан табылған 650-ге жуық адамның сүйектері сақтаулы. Зерттеу жұмыстарын жүргізген археологтар олардың ең үлкені 37-40 жас екенін айтады. Яғни, бұл дерек адамдардың сол кезде ұзақ өмір сүрмегенін көрсетеді. Жергілікті ғалымдар соңғы он жылдың көлемінде Хорезм экспедициясына зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың айтуынша Ресейдің музейлерінде Сыр өңірінен табылған құнды дүниелер көп. Ендігі мақсат тарихтан сыр шертетін археологиялық жәдігерлерді елге қайтару. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant