Түнгі рейд
Қызылордада «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Үш күн бойы полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтасыз етуге аса ден қойды. Заңға бағынбағандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі рейд қоғамдық орында масаң күйде жүріп, көпшіліктің мазасын алғандарды ұстаудан басталды. Спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндегендер де баршылық. ОРАЗБЕК ТӘЖЕНОВ - ОПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ «Қазіргі таңда енді Қызылорда қаласының аумағында, Шанхай мөлтек ауданына 5 экипаж бөлінді. Арнайы жедел уәкілдермен, собр қызмеметкерлерімен бірге. Қызмет атқарып, таңға дейін тыныштықты күзетіп жатыр». Түнгі бір жарым шамасы. Полицейлердің бағыттауымен Қазыбек би көшесіне келіп жеттік. Көлік нөмірін қосымша жарықшамдармен безендіріп алған жүргізушіге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынды. Осы уақыт аралығында сол жағалауда құжатсыз көлік тізгіндіген тұрғын анықталды. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/