Suivant

ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ОРТАҚ ТҰЛҒА

26/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Астанада қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы кітаптың түрік тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті. Автор Бейбіт Қойшыбаев кітапта тұлғаның өскен ортасын суреттейді. Бұдан бөлек, шарада «Темірбек Жүргенов: триумф және трагедия» атты монографиялық еңбек таныстырылды. Оның авторы Алмажан Өтеғалиева зерттеу жұмысында тұлғаның мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты ашуды көздеген. Бұл кітап орыс тілінде жарық көрді. Естеріңізге сала кетейік, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен қазақ руханиятының дамуына зор үлес қосқан тұлғаның 125 жылдығына орай 2023-ші жыл Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланған болатын. Қоғам қайраткерінің құрметіне былтыр жыл бойы түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Соның жалғасы ретінде жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Комиссар Жүргенов» кітабы түрік тіліне аударылса, ғалым Алмажан Өтеғалиеваның «Темірбек Жуүгенов: триумф және трагедия» атты монографиялық еңбегі орыс тілінде жарыққа шықты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant