Suivant

ТҰРМЫСТЫҚ ЖАНЖАЛДАРДЫ АРНАЙЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕРГЕМЕК

09/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза тағы да күшейтіледі. Ішкі істер министрлігі балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл және депутаттармен бірлесіп, заңнамаға бірнеше түзету әзірледі. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы мәлімдеді. Ақмарал Серікбаеваның айтуынша, енді әйеліне немесе бала-шағасына қол көтеріп, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендер әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Әрі сотқа отбасының шырқын бұзатын азаматтарды тұрғын үйден уақытша шығарып, әлеуметтік бейімделу орталықтарына жіберу құқығы беріліп отыр. Бұдан бөлек, тұрмыстық жанжалдарды арнайы полицейлер тергемек. АҚМАРАЛ СЕРІКБАЕВА - ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ «Сонымен қатар ІІМ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған дербес бөлімше бөлімше құрылатын болады. Ол бөлімшелер тек осы тұрмыстық зорлық зомбылық күреспен ғана айналысады». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant