Suivant

Тұрғылықты мекен-жайыңыз қайда?

15/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс бойынша 5000-нан аса адамның мекен-жайы қате тіркелген. Яғни, тұрғылықты мекен-жайдың өзгеріп кетуі немесе бір үйде бірнеше бөтен адам тіркеліп, кейін өз үйінің тізімінен шығып қалу деректері бар. Бүгін ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында осы мәселе қозғалды. Тұрғылықты мекен-жайы түсініксіз жағдайда ауысып кеткен тұрғын көп. Себебі, 2018 жылы үй кітабын электронды форматқа ауыстырғанда базада қателік кеткен. Содан бері бұл мәселе бірнеше мәрте көтерілгенімен шешілу жолдары табылмай келеді. АИДА ӘБИБУЛЛАЕВА - «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КЕАҚ ОБЛЫС БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Осындай ведомство отырысында мен осы проблеманы айтып едім. Бірақ біз ол кезде бұл мәселенің неден туындағанын біле алмадық. Біз архитектура деп ойладық. Бірақ кейіннен зерделей келе біраз нәрсеге көзіміз жетті. Адресі ауып кеткен тұлға өзінің адресін дұрыстау үшін қайта-қайта ЦОН-ға келуге мәжбүр. Осыған байланысты бізге күнделікті шағымдар келіп түсуде. Енді халық ойлайды барлығы ЦОН-ның кінәсі деп. халыққа қызмет көрсету орталығы бұндай қызметтерді көрсетпейді. Яғни, біз тек бэк офис дайындаймыз. Көші-қон полициясы, архитектура сондай жұмыстармен жүргізеді». Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының айтуынша базадағы бұл олқылық көші-қон полициясының деректерді енгізуде жіберген қателегінің салдары. САҒЫНДЫҚ ҚАМИТБЕКОВ - ОПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «ІІМ тізім алдым. Ол тізімде қала төңірегінде 5300. Райондарға барлығы тізім жолданды. Кезең-кезеңімен жұмыс істеп жатырмыз. Деректер анықталды. Ол деректерді қазір архитектураның күшімен және біздің күшімізбен адамды жеке шақырып, ХҚО өзгертуге мүмкіндік бар қазіргі таңда». Бүгінде бұл мәселе жауапты сала өкілдерімен жан-жақты зерделеніп жатыр дейді мамандар. Мәселен, қалалық сәулет және құрылыс бөлімі рейдке шығып, ауысып кеткен мекен-жайларға өзгертулер енгізуді бастапты. Ведомствоаралық жұмыс тобы мәселені толығымен шешуге тиісті органдарға 5 ай көлемінде уақыт берді Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant