Suivant

Тұтынушылардың құқығы қорғалды

07/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері 200-ден аса өтініш түскен. Оның 60-ы қанағаттандырылып, тұтынушыларға 6,4 млн.теңге қаражат қайтарылған. Ал, өткен жылдың осы кезеңінде құқығы бұзылған 114 тұтынушы департамент көмегіне жүгінген. Мамандарың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда тұтынушылар тарапынан заң жүзінде өз құқығын талап ету жағдайлары едәуір артқан. Десе де, тұрғындар әлі де сауда жасау кезінде бірқатар мәселені ескере бермейді, дейді НҰРЛЫБЕК БИМУРЗАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Атап айтсақ, көптеген жағдайларда департаментке өтініш білдірген тұтынушылардың арыздарында сатушы туралы дерек көрсетіле берілмейді. Өйткені, тұтынушы сатушыға ақшасын төлегенде тауарлық чек талап етпейді, ал сатушы чек беру міндетін орындамайды. Осыған сәйкес департамент тарапынан сатушының кім екенін және қандай субъектіге жататындығын анықтау қиынға соғады Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant