Suivant

ТҰТЫНУШЫЛАРҒА 7,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛҒАН

01/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жыл басынан бері өңірдегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті азаматтардан үш жүзден астам өтініш қабылдаған. Нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жиырма рет жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң шеңберінде шара көрілген. Бұл туралы облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Бимұрзаев мәлімдеді. НҰРЛЫБЕК БИМҰРЗАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Департамент тұтынушыларға 7,5 млн. теңгеге жуық қаражатты қайтарды. Яғни бұл тұтынушылардың көптеген бұл, сауда-саттық саласы бойынша қайтарылмай жатқан қаражатты қайтарумен жұмыс жүргізілді. Мемлекеттік бақылау функцияларын орындауға қатысты айта кетейін, аталған мерзімде департаментпен тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 30 әкімшілік іс қаралып, сауда саласында 129 әкімшілік шара қолданылған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant