Suivant

Халықаралық турнир өтті

27/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Футзалдан жауынгер-интернациолист Батыржан Шалғынбаевты еске алу турнирі өтті. Екі күнге созылған дүбірлі додаға көршілес Өзбекстан мен еліміздің бірқатар өңірінен 32 команда, 400-ге жуық ойыншы қатысты. Дәстүрлі турнир биыл 28 рет ұйымдастырылып отыр. Қызығушылық танытып, бақ сынағысы келетін командалар саны жылдан жылға артып келеді. Жалпы турнирдің жүлде қоры 7,5 млн теңгені құрады. Доп додасының қорытындысы бойынша 500.000 теңге жүлде қорына астаналық «Додо» командасы ие болды. ІІІ орынды қызылордалық «Мүслім» құрамасы, жүлделі ІІ орын «Кентау» командасына бұйырды. Жарыстың жеңімпазы атанған сырбойылық «Асыл» құрамасы бас жүлдеге тігілген 4 млн теңгені қанжығалады. БАТЫРБЕК ШАЛҒЫНБАЕВ – Б.ШАЛҒЫНБАЕВТЫҢ ІНІСІ //Енді құдай қаласа 28 жыл ғой болдып жатқанына, алды 29, 30 бар. 30 – юбилейный болады. 30-ға жыл сайын автокөлік тігетініміз бар. Енді бізде зал мәселесі облыс масштабында шешіліп жатыр. Жақсы спорт ғимараты ашылады деп жатыр. Лайым сол күнге жетіп, болашағы зор болады құдай қаласа. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant