Suivant

Халықтың талап-тілегі ескерусіз қалмайды

16/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Amanat» партиясының мобильді қабылдау тобы облыс орталығынан шалғай жатқан ауылдарды аралап, ондағы халықтың мұң-мұқтажы мен өтініш-тілектерін тыңдады. Көшпелі қоғамдық қабылдау Қармақшы ауданы Иіркөл ауылында өтті. Елді-мекенде 659 халық тұрады. Ауылдағы ағайын егін және мал шаруашылығымен айналысады. Иіркөлдіктер үшін маңызды мәселенің бірі-көгілдір отын. Әлі күнге дейін көмір тасып, күл шығарып отырған халық ауылға табиғи газ келсе дейді. Ауыл халқының басым бөлігі жаңа спорт алаңын салу, ішкі жол құрылысы, аяқ су сынды көптен шешімін күткен мәселелерді көтерді. Елді-мекенде клуб та ескі. Іргесі сөгіліп, қабырғасы құлаудың алдында тұр. Қоғамдық қабылдауға облыстық басқармалардан мамандар арнайы қатысып, халықты мазалаған сауалдарға жауап беруге тырысты. Мұнан соң «Amanat» партиясының мобильді қабылдау тобы Қармақшы ауданына қарасты Төребай би ауылының халқымен кездесті. 456 адам түтін түтеткен ауылда тұрғындар сала мамандарына көгілдір отын, инфрақұрылым және қайтарымсыз грант пен жұмысқа орналасу секілді мәселелері бойынша жүгінді. Ауыл халқы бау-бақша егуді күн көріс көзіне айналдырған. Алайда аяқ су егістік алқапқа қажетті мөлшерде жетпейді. Тұрғындар насосты қондырғыны алуға қаражат қаралса дейді. Мобильді топ мүшелері әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмай, олардың оң шешілуі бойынша нақты жұмыстар жасалатынын жеткізді. Елді-мекенге жаңадан клуб ғимаратын соғу, спорт алаңдарын салуға қатысты тұрғындар мобильді топ өкілдеріне өтініш-тілектерін білдірді. Сондай-ақ жауапты мамандардан түрлі бағыттағы заңнамалық кеңестер алды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant