Suivant

Шомылу маусымы: Су жағасында бақылау күшейтілді

20/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сынап бағанасы көтерілген сайын «салқындаймын» деп жабайы жағажайларды жағалағандар көбейді. Осыған байланысты қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ пен төтеншеліктер суға түсуге тыйым салынған аймақтарда болып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кезекті профилактикалық іс-шара қала шетіндегі «Сталинск» каналы маңында ұйымдастырылды. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы мұрындық болған іс-шарада сала мамандары мен ерікті азаматтар бірлесіп, қала тұрғындарына қауіпсіздік қағидалары туралы үнпарақтар таратты. Айта кетейік, жыл басынан бері үш адам ажалын судан тапты. Оның екеуі бала. Жалпы қала аумағында суға шомылуға тыйым салынған 18 учаске тіркелген.Бұл маңдарда төтеншеліктер күнделікті кезекшілік ұйымдастыруда. ДУЛАТ СЕЙІЛОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ТОБЫНЫҢ ОФИЦЕРІ //Күнделікті басқарманың жедел құрылымдарымен бірге күнде рейдтік шара ұйымдастырылуда. Яғни, сағат 14:00-ден кешкі 21:00-ге дейін. Суға түсу маусымы 31-ші тамыз айына дейін жалғасады. Бірақ енді күннің ысуына байланысты қыркүйек, қазан айына дейін жалғасуы мүмкін.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant