Suivant

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

22/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақтағы электр желілерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 10 жоба жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде, 418 шақырым электр желісі мен 73 дана қосалқы станция жаңғыртылмақ. Ашығын айту керек, облыста электр желілерінің жағдайы мәз емес. Осының әсерінен ауа райының қолайсыз сәтінде жарық өшіп қалады. Жауапты сала мамандары осыны реттейміз деп отыр. Бастамасы бар. Мәселен, өткен жылы өңірде 232 шақырым электр желісі мен 95 дана қосалқы станциялар жаңартылды. Жөндеу жұмыстары биыл да жалғасады. МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // 2024 жылы 10 жоба бойынша 5,7 млрд. қаржы бөлінді. Оның ішінде респубилкалық бюджеттен.4,2млрд.теңге, Облыстық бюджеттен 1,5 млрд.теңге қаржы қаралып тұр. Аталған қаржыға 418 шақырым электр желілерін қайта жаңғыртамыз және 73 дана қосалқы станцияларды жаңғырту жоспарлануда. нәтижесінде тозу деңгейін 64 пайызға төмен түсіреміз деп жоспарлап отырмыз.// Ал, тұрғындарды табиғи газбен қамту үлесі 75 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 4 қала және 35 ауылдық елді мекен көгілдір отынға қосылған. Айта кетейік, өткен жылы 11 елді мекеннің тұрғындары отын жарып, күл шығару машақатынан құтылған болатын. МЕДЕТ УСАИН – ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // 23 жылы 26 жобаны жүзеге асыруға 9,2 млр.қаржы бөлінді. Осы 26 жобаның 11 жобасы аяқталып іске қостық 23 жылдың қортындысымен. 24 жылы ар жағындағы 12 жобаны іске қосатын боламыз. Жалпы, 24 жылға қолдау тауып тұрған 17 жоба 4,1 млрд.теңгеге қаржыға.// Өңірдегі өзекті мәселелердің бірі – тозығы жеткен тұрғын үйлерді қайта жаңарту. Бұл ретте 2023 жылы 17 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды. Ал осы жылы 36 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant