Suivant

ЭНЕРГЕТИКТЕР ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ

18/12/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

22-інші желтоқсан - энергетиктер күні. Осыған орай облыс орталығында салтанатты шара болып, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Биыл «Қызылорда электр тарату тораптары» және «Қызылорда жылу-электр орталығы» мекемелерінің құрылғанына - 60 жыл. Күннің ыстық-суығына қарамастан жұмысын жауапкершілікпен атқарып жүрген мамандарды аймақ басшысы кәсіби мерекелерімен құттықтап, алғысын жеткізді. НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ - «Энергетика әлеуметтік сала мен индустрияны алға жылжытушы күш, экономиканың алтын өзегі, локомотиві және негізгі діңгегі болып саналады. Сондықтан бұл сала қызметкерлері әрқашан жоғары құрметке және қоғамдық мәртебеге ие. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында биыл 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 62 пайызға дейін төмендеді. Облыс бойынша жылу беру маусымы тұрақты өтуде. Биыл жылумен қамту нысандары мен желілерін жаңғыртуға 12 млрд теңге қаржы бөлінді. Сыр жұртшылығы атынан сіздердің қалтқысыз еңбектеріңізге шынайы ризашылығымзды білдіреміз». Салтанатты жиында сала мамандары марапат төрінен көрінді. Соның ішінде «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы Сырдария аудандық электр торабы оперативтік-диспетчерлік тобының электромонтері Қазбек Ерімбет, «Қызылорда жылу-электр орталығы» кәсіпорыны оңтүстік бу қазандығының сорғы жабдықтарын жөндеу шебері Мағауя Бегімов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды. «Қызылорда су жүйесі» кәсіпорнының бас инженері Наурыз Баярыстановқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. Ал «Қызылорда жылу-электр орталығының» директоры Дінмұхаммед Исламов «Парасат» орденінің иегері атанды. ДІНМҰХАММЕД ИСЛАМОВ - «ҚЫЗЫЛОРДА ЖЫЛУ-ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ «мен оқуды бітіріп 90-жылы осы мекемеге старший диспетчер болып жұмысқа кіргенмін. Содан әрі қарай сатылап өсіп, зам директор болдым. Главный инженер бодым. Астанада жұмыс істедім. Былтыр қайтып келіп, былтырдан бастап осы мекемеде директор болып қызмет етіп жатырмын. Бүгінгі марапатыма өзім де таңғалып тұрмын. Бұл сенімі шығар деп ойлаймын. Біздің мекеменің марапаты деп білімін». Сонымен қатар, сала мамандарының бірқатары Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, «Электр энергетикасы саласына қосқан үлесі үшін» медалімен, «Еңбек сіңірген энергетик», «Құрметті энергетик» төсбелгілерімен марапатталды. ҚАРАСАЙ ДАУЫЛБАЕВ - «ҚАЗАЛЫ – ТЕМІРЖОЛЖЫЛУ» МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ «Шынымды айтсам толқып тұрмын. Мен Қазалы ауданы Қазалы теміржол мекемесінің атынан осындай мараптықа ие болып жатырмын. Өте қуаныштымын. Осы салады қызмет етіп жатқаныма 45 жыл болады. Мамандығы токер саласында жұмыс істеймін. Қазір қыс ауасында ауданды жылумен қамтамасыз етіп жатырмыз. Жұмысымыз қарқынды жүріп жатыр». Айта кету керек, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін аймағымызда қуаттылығы 1100 мегават жаңа бу-газ қондырғысының құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізіліп, техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жаңа бу-газ қондырғылары Қызылорда қаласынан Ұлытау облысына шыға беріс аумаққа салынады. Бұл құрылысқа әкімдік 280 гектар жер бөлді. Бір сөзбен айтқанда,алда ауқымды жұмыс күтіп тұр. Ал жылына бір келетін төл мерекесінде энергетиктер ән мен күйге бөленді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant