Suivant

Ғафур Мухамеджановтың туғанына - 100 жыл

10/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ерен ердің құрметіне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тау тұлғалы қайраткер» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ғафур Мұхамеджанов 1924 жылы Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында дүниеге келген. Ауылдың бастауыш мектебінде мұғалім болып, оқушыларға білім нәрін құйған. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ жауынгері ерлігімен көзге түскен. Туған жерге оралған соң ел басқару ісіне араласқан. Көрмеге Ғафур Мұхамеджановтың қызмет барысында тұтынған заттары және естелік фотосуреттері қойылды. ӘБДІЖӘЛЕЛ БӘКІР – МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ // Мен осы Ғафекеңнің 100 жылдығына келіп қатысып жатқаныма қуаныштымын. Өйткені, сөзін естідім, табақтас болдым, дәмдес болдым. Ал, ол біздей артынан еріп келе жатқан жігіттерге, інілеріне келіп қатысу үлкен абырой деп ойлаймын. ҚОРҒАНБЕК ҚАЙРУЛЛАЕВ – ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ // Ғафекең өмірге сирек келетін, сирек келседе халықтың жадында мәңгі қалатын жанның бірі еді. Олай деп тұрғаным мен сол кісінің қарамағында 5 жылдың үстінде қызмет еттім. Күніне ол кісіні 4-5 рет көріп, алдында болып, тапсырмасын алып, жасаған жұмыстың нәтижесін баяндаған күндеріміз болды. Ғафекеңнің азаматтық бейнесі мен тұлғасы ешуақытта естен кетпейді, осы уақытқа дейін жадымда сайрап тұр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant