Suivant

Қазақстанда Инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама қабылданады

06/11/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Елде еңбекке жарамды мүгедек жандардың тек 39%-і ғана жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды 24KZ. Қалалар мен елді мекендерде ғимараттардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігі 45%-тен аспайды. Еңбек министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, осы мәселелерге ерекше назар аударуы қажет. Бүгін Үкімет отырысында саладағы түйткілдер егжей-тегжейлі қаралып, Олжас Бектенов жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Әлеуметтік саясаттың жаңа стандарттары әзірленіп жатыр. Айтылғанның барлығы Инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдамада көрініс тауып, құжатты желтоқсан айында қабылдау жоспарланып отыр. #инклюзивтісаясат #тұжырымдама #үкімет#хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant