Suivant

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңақорған ауданында қазақ күресінен еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Жасөспірімдер арасындағы жарыста балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, мықтылары жеңіс тұғырынан көрінді. Еңбек ардагері Есалы Тұрсынбаевты еске алуға арналған турнир осымен оныншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алғаш аудандық деңгейде ұйымдастырылған жарыстың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп, деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен, балуандар бәсекесіне биыл еліміздің әр өңірінен 250-ден астам спортшы қатысты. Олардың басым бөлігі ауыл балалары. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Есалы Тұрсынбайұлының өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі туралы айтты. МАЖИТ САМИТОВ, АУДАН ӘКІМІ Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Есалы ағамыз өзі басқарған қазіргі Қыркеңсе ауылдық округінде ауданда алғашқылардың бірі болып ауыл шаруашылығын жаңа экономикалық нарықтық қатынасқа көшірудің негізін қалады. Еңбек ардагерінің өмір жолы өскелең ұрпаққа өнеге. Келінтөбе, Өзгент, Задарья кеңшарын басқарған Есалы Тұрсынбаев ауданда алғашқылардың бірі болып күрес мектебін ашты. Ауыл балаларының спортпен шұғылданып, биік белестерді бағындыруына үлес қосты. Балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. 42 келіде бозкілемге шыққан түркістандық Жанарыс Дәуіт алғашқы екі қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ал, Түгіскен ауылының намысын қорғаған Нұрдәулет Арсенов небәрі бес секундта қарсыласын құлатып, жауырынын жер иіскетті. Турнир екі күнге созылды. Жарыс жеңімпаздарына арнайы медаль және Есалы Тұрсынбаевтың ұрпақтары дайындаған жүлде табысталды. Айта кетейік, әр салмақ бойынша жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant