Suivant

«Қайсар» ФК: Жаңа ойыншылар таныстырылды

27/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бірінші наурызда футбол жанкүйерлері асыға күтен ел чемпионаты басталады. Осыған орай жергілікті «Қайсар» футбол клубы жаңа маусымда өнер көрсететін ойыншылар құрамын таныстырды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары биыл сол жағалаудан 7 мың орынға арналған жаңа стадион салынатынын тілге тиек етті. Салтанатты кеште дала қасқырларының жаңа жиделері таныстырылды. Ойын формасы үш жинақта ұсынылды, яғни қызыл, ақ, қызыл мен қара аралас. Әдеттегідей өз алаңында қызыл түсті формамен шықса, сырт алаңда ақ жидемен өнер көрсетеді. Ал, үшінші форманы кубок ойындарында киеді. Айта кетейік, Сыр елінің спорт саласында тың серпін бар. Өткен жылы 13 спорт кешенінің құрылысы басталып, 9-ы қолданысқа берілді. Спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары биыл да жалғасын таппақ. ДАНИЯР ЖАНАЛИНОВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ // Биыл 6 құрылыс нысанның жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалауында 23-ші жылы халықаралық талапқа сәйкес жүзу бассейіні бар көпбейінді дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысы басталса, үстіміздегі жылда үстел теннисінің құрылысы басталады. Бұйыртса биыл жаңа стадионымыздың құрылысы басталады. Клубтың бас бапкері Виктор Кумыков өткен жылғы құрамды 30 пайызға жаңартқан. Жалпы, 25 ойыншының 8-і шетелдік аяқ допшылар болса, қалғаны отандық ойыншылар. Олардың қатарына қызылордалық 10 спортшы тізімге енген. Жаңадан қосылған футболшылар сапында ұлттық құрамаға кандидат Думан Нәрзілдаев, Айбар Жақсылықов, Тоқтар Жаңғылышбай бар. ДУМАН НӘРЗІЛДАЕВ – «ҚАЙСАР» ФК ОЙЫНШЫСЫ // Қайсарға қайта келгеніме қуаныштымын. Қайсардың жаттығуы жоғары деңгейде өтті. Алдыға қойған мақсаттары барынша жоғарғы нәтиже көрсету. Барлығымыз соған атсалысып, жоғары нәтиже көрсетіп, қызылордалық жанкүйерлерді қуантамыз деген ойдамыз. Сырбойлық жанкүйерлер жаңа маусымда жергілікті командаға үлкен сенім артып отыр. НҰРЛЫБАЙ ҰЛЫҚПАНҰЛЫ – ЖАНКҮЙЕР //Жаңадан келген ойыншылардың біразы Қазақстанда істеген. Ішінде жерлестерімізде бар осы Қызылорда облысына келегендер. Биыл енді біздің үмітіміз былтырғыдан жақсы боалы деп дәметеміз. Мына жанкүйер есебеіндегі тілегіміз алғашты 3-4 команданың ішінде болса дейміз. Дала қасқырлары жаңа маусымға ерте бастан қамданды. Яғни, Түркияда үш оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Еуропаның 13 командасымен шеберлік байқасты. Айта кетейік, 1 наурызда басталатын премьер-лиганың алғашқы турында «Қайсар» командасы өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant