Қайырымдылық концерті
Достық үйінде корей этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық концерті өтті. Атылмыш концерт бірінші топ мүгедегі Александр Огайдың еміне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Александр Огай бала күнінен арбаға таңылған. Соған қарамастан ол қаламыздағы корей этно-мәдени бірлестігінің белсенді мүшесі. Денсаулығы соңғы уақытта күрт төмендеп кеткен. Осыны ескерген этномәдени бірлестігінің ұжымы қайырымдылық концертін ұйымдастырып, түскен қардыны Сашаның еміне жұмсауды мақсат етті. Концертке Қазақстан Халқы ассамблеясының облыстық филиалы жанынан құрылған би топтары мен өнер ұжымдары қатысып, игі іс-шараға өз үлестерін қосты. ДЕНИС ПАК – ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗАҚСТАН КОРЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ «Александр бала кезінен ауырады. Алайда ол ауруына қарамастан белсенді еді. Ол биге қызығатын. Бірақ ол мүгедектігіне байланысты оқуына да, жұмысына да көңіл бөле алмады. Оған зейнеткер анасы қамқоршы болып отыр. ал оның өз бетінше оңалып кетуі үшін биомассажер керек. Оның бағасы 1 млн 400 мың теңге. Осы соманы жинау үшін біз осындай концерт ұйымдастырып отырмыз. Барша атсалысып жатқан жандарға рақмет айтамыз және қолдау күтеміз». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/