ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШЫРШАСЫ
Облыс орталығында аз қамтылған отбасынан шыққан және мүгедектігі бар балалар үшін қайырымдылық шыршасы өтті. Сан алуан қызыққа толы мерекелік кешке 100-ге жуық бала қатысып, сахналық қойылымды тамашалады. «Ойыншықтар хикаясы» деп аталған жаңа жылдық бағдарлама балаларды бірден баурап алды. Барби, Гном, Тедди аю сынды аниматорлар қызықты хикаяға толы ойындар ойнатып, кішкентайларға шынайы эмоция сыйлады. Одан соң қоржыны кәмпитке толы Аяз ата келіп, балаларды тәттілерімен қуантты. КӘМШАТ ҚОЖАҚОВА - ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ Балалар қазір барлығы телефондық жүйеде ойнағандықтан ертегілерді Гном, қуыршақ секілді ойыншықтармен ойнаған дұрыс. Ойыншықтарды ренжітпей, оған да уақыт бөліп дегендей. Ойыншықтармен бірге тақпақ айтып, өлең айтып, билеу жалпы дене тәрбиесі деп осы «Ойыншықтар хикаясын» қойып отырмыз Шырша тойының шырайын келтірген ұйымдастырушыларға ата-аналар да дән риза. ТҰРҒАНБАЕВА ЛАУРА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ қайырымдылық қорына рақметімді айтамын. Балаларым қуанып, бірінші рет әкеліп тұрмын негізі баламды. Көпбалалы анамын. 7 балам бар. Жаңа жылдық шыршаның жанында ән салып, би билеп, ерекше көңіл-күйге бөленген балалар өздеріне жаңа дос тауып, ертегі әлеміне еніп кеткендей болды. Баршаңызға рақметімді айтамын Мерекелік іс-шара соңында балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. ЛИЗА ЫСҚАҚОВА - «АТАМЕКЕН» БАЛАЛАР АУЫЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ Бізде енді Атамекен балалар ауылында 48 бала тәрбиеленіп жатыр. Сол 48 бала өздерінің тәрбиешілерімен бірге бүгінгі іс-шараға келіп отыр. Жаңа жылдық шара бұнымен тоқтап қалмайды. Түскі асқа шақырып жатыр. Сосын әр балаға дайындаған сыйлықтары бар. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Балалардың шаттыққа толы жүздерінен шырша тойы көңілдерінен шыққанын байқауға болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/