Suivant

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛІП ЖАТЫР

24/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қаладағы Мұстафа Шоқай мен Қорқыт ата көшесінің 5,5 шақырымы төрт жолықтыға ауыстырылып, жүріс бөлігінің ені 14 метрге дейін кеңейтілді. Ал, Яссауи көшесі жақын күндері ашылып, ел игілігіне табысталмақ. Қала әкімі Нұржан Ахатов қайта жаңғыртудан өтіп жатқан көшелерді аралап көріп, мердігер мекеме өкілдеріне ең алдымен сапасына мән беру керектігін айтты. Облыс орталығында жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге айрықша маңыз беріліп отыр. Бұл бастамаға бюджеттен 36 миллиард теңгеден астам қаржы қаралған. Ауқымды қаражатқа қала, кент және ауылдық округтердегі 99 көшеге орташа жол жөндеу, қайта жаңғырту, көпір салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қолдауының ретінде, аймақ басшысының үлестіруімен қаламызда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, қаламызға кіреберіс әуежай жолынан келетін 13 шақырым жол 7,5 млрд теңгеге, яғни 2 жолақтыдан 4 жолақтыға өзгертіліп жатыр. Дәл сондай жобамыз Шиелі ауданынан кіреберіс жолымыз 8,4 шақырым 3 млрд теңгеге төрт жолақтыға кеңейтіліп үлкен жаңғырту жұмыстары жүргізіп жатыр.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшемізде 6,4 шақырымы 6 млрд теңгеге екі жолақтыдан 4 жолақты болып, өзгертілуде. Қазір Қожа Ахмет Яссауи көшесінде қызу тірлік жүріп жатыр. Ерекшелігі сол көше төрт жолақтыға кеңейіп, жол жиегіне жаяу жүргіншілер мен вело жол түспек. Сондай-ақ, көше бойы толық жарықтандырылмақ. Мұнымен қоса, көлік көп жүретін Мұстафа Шоқай мен Қорқыт ата көшесінің 5,5 шақырымы қайта жаңғыртудан өтіп, төрт жолақты болды. НҰРЖАН АХАТОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //Өз тиімділігін көрсетіп отыр. Халық оң пікірлерін білдіруде. Көшербаев көшесі де қайта жаңғыртудан өтті. Ауқымды жұмыстар жүргізу салдарынан халыққа шамалы жол қозғалысы кезінде жүріп-тұруға кедергілер болып жатқандығы, кептелістер болып жатқандығы анық. Бірақ, қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деген оймен, қыркүйек айының аяына дейін бұл жұмыстарды аяқтайтын боламыз. Мұндай ауқымды жобаларды жүзеге асыруда сапа мен тәртіп бірінші орында тұруы маңызды. Жергілікті билік мердігерлерге осындай талап қойып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant