Қаржыгерлерге арналған семинар
Бюджеттен бөлінген қыруар ақшаның әр тиыны өзінің орнын тауып, нәтижесін көрсетуі қажет. Бұл мәселе облыстық қазынашылық департаменті ұйымдастырған семинарда кеңінен талқыланды. Сондай-ақ сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу және қаржыны басқару сапасын арттыру мәселелері сөз болды. Аймақ аудиторлары жыл басынан бері 63 тексеру жұмысын жүргізіп, бақандай 8 млрд 379 млн теңгенің негізсіз жұмсалғанын анықтаған. Заң бұзушылықтар әсіресе құрылыс, білім, денсаулық сақтау салаларында орын алыпты. МАЙРА ӨМІРБАЕВА – ОБЛЫС БОЙЫНША ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Қызылорда облысы бойынша құрылыс басқармасы мен қала және аудандық құрылыс бөлімдеріне 15 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 4 млрд 251 млн 854 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. Жүргізілген аудиторлық іс-шараларда білім беру ұйымдарындағы еңбек ақыға арналған бюджет қаражатын заңсыз иелену азаймай тұр. Мәселен, Жаңақорған ауданы бойынша білім бөліміне қарасты 3 мектептің есепшілері тарапынан білім ұйымдарында жұмыс жасамайтын үшінші тұлғалардың карт шоттарына 42 млн теңге аудару фактілері анықталған. Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдары бойынша барлығы 8 аудиторлық іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 461 млн 507 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. АСЫЛХАН АШЫҚОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Қылмыстардың көп бөлігі еңбекақы төлеу қорының қаржыларын жымқырумен байланысты. Әрине, бұл жерде адами фактормен байланысты. Сол себепті, ҚР Қаржы министрлігімен, Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, біздің агенттікпен тиісті жол картасы да бекітілді. Оның төңірегінде бірқатар цифрландыру шешімдері қабылданды. Мемлекеттік органдардың электронды базаларын, порталдарын, жүйелерін бір-бірімен біріктіріп, адами факторды жою бойынша шешім қабылданды.. Мамандар бұл жұмыстардың көп ұзамай нәтиже беретініне сенімді. Ал бүгінгі таңда мақсатсыз игерілген қаражатты қайтару бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. ӘУЕЗБЕК ДҮЙСЕНБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ //Бұл семинардың негізгі мақсаты бюджет қаржысын игеру кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, соның алдын алу, биылға бөлінген қаржыны уақытылы, тиімді игеру болып табылады. Сол бағытта тиісті мемлекеттік органдармен бірігіп осындай семинар өткізіп жатырмыз. 03:25+Биылға бекітілге қаржы әр сала бойынша тиімді, сапалы, заңдылыққа сәйкес игерілуі керек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/