Suivant

Қармақшыда құтқарушылар күні аталып өтті

22/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қармақшы ауданында құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара болды. Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез-келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Табиғи және техногенді апаттар кезінде, күнделікті сын сәтте сіздерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Аудан әкімі Жандос Еркінбек құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады. ЕРБОЛАТ БАЛТОҚАЕВ – АҒА ӨРТ СӨНДІРУШІ Іс-шарада аудан әкімінің қолынан алғыс хат алып отырмын. Осындай кезеңде еңбегімізді бағалап жатқан, аудан әкімдігіне, халқымызға шын жүректен алғысымды айтамын. Және де барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын. Сондай-ақ Жандос Еркінбек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің материалдық-техникалық базасымен танысты. ӨМІРБЕК САҚТАБАЕВ – АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСШЫСЫ Ауданымызда екі өрт сөндіру бөлімі, бір трассалық медицина құтқару бекеті өз қызметін атқаруда. Биылғы жылы бөлімімізге жаңадан бір өрт сөндіру техникасы келді, бөліміміз жаңа техникалармен толықты. Барлығы гарнизонда 70-ке жуық қызметкеріміз бар, оның біреуі Байқоңыр қаласында орналасқан өрт сөндіру бөлімі. Екіншісі осы Қармақшы ауданында. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant