ҚАТАР МЕН СИНГАПУРДАН ИНВЕСТИЦИЯ АРТАДЫ
Елімізге Қатар мен Сингапурдан инвестиция ағыны артады. Бүгін Сенатта осы екі мемлекетпен "Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдар мақұлданды. Құжат екіжақтың тығыз экономикалық ынтымақтастығын арттырып, сондай-ақ кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және екі мемлекеттің де әл-ауқатын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Бүгінде бұл елдермен байланыс нығайып, экономиканың әртүрлі секторларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен биыл елімізде қатарлық компаниялар сомасы 1 миллиард доллардан асатын 14 жобаны жүзеге асырмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/