Suivant

ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ҚАУІПТІ ЕМЕС ПЕ?

20/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қауын-қарбыз пісті, базарға түсті. Ерте піскен бақша өнімін көпшілік қызыға сатып алып жатыр. Алайда санитарлық дәрігерлер қарбызды абайлап тұтынуға кеңес береді. Өйткені қауын-қарбыз пісетін маусым әлі келмеген. Сондықтан оның құрамында пестицидтер мен химиялық тыңайтқыштар шамадан тыс көп болуы мүмкін. Ал, саудасы қызып тұрған сатушылар исі аңқыған әңгелектен, қып-қызыл қарбыздан қауіптенуге еш негіз жоқ дейді. Өйткені бақша өнімдері көрші оңтүстіктен әкелінген. Онда бақша дақылдары ерте піседі. ШӘРКҮЛ КҮНТУПОВА – САТУШЫ // Бұл қауындар Шиеліден келді. Одан бұрын Түркістан облысынан келді. Жетісайдан, Шардарадан келіп жатыр. Пакетте тұрғандар Шиелінікі. 3-еуін мың теңгеден беріп жатырмыз. Қарбыздың келісі 200-250 теңгеден болып жатыр. Шиелінің әңгелегі келгелі жақсы өтіп жатыр. Десе де, мамандар ерте піскен қауын-қарбыздан денсаулыққа зиян келмес үшін сақтық шараларына салғырт қарамауды сұрайды. Себебі соңғы төрт күнде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясымен 10 науқас түскен. Оның 6-ауы бала. СӘБИРА ИБАЙДУЛЛАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ //Қауын-қарбыздың құрамындағы нитраттар 1 кг 6 мл/грамнан аспауы қажет. Қауын қарбыздардың пісетін уақыты шілден айының аяғына таман бабымен піседі. Сонымен қатар, тамыз айымен қазан айының арасындағы уақыт нағыз жақсы піскен қауын-қарбыздарды тұтынатын уақыт. Мамандар сатып алу кезінде жеміс-жидектің, бақша дақылдарының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитрат деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттар болу керек дейді. Бұл қауіптің алдын алуға сеп болары сөзсіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant