Қызмет алушының құқығы қорғалды
Қала тұрғынының құқығы қорғалды. Бақытжан Баймаханов есімді азаматтың жерді жалдау мерзімін ұзарту кезінде құқығы бұзылған. Яғни, қала әкімдігі тұрғынның өтінішін орындаудан негізсіз бас тартқан. Осыған байланысты облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары тексеріс жүргізіп, мәселенің мән-жайын анықтады. Тілші бейнематериалында толығырақ. Қала тұрғыны 2020-шы жылы Сол жағалаудан нысаналы мақсатта ғимарат құрылысын бастауға келісім шарт негізінде 20 соттық жерді 3 жыл мерзімге жалға алған. Қазіргі таңда іргетасын қалап, құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Жердің мерзімі аяқталуына байланысты уақытын ұзарту мақсатында қала әкімдігіне өтініш қалдырған. Алайда жауапты қызметкерлер қызмет алушының өтінішін орындаудан негізсіз бас тартыпты. АЛМАСХАН АСЫЛБЕКОВ – ТҮРКІСТАН-ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРАРАЛЫҚ ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ПАЛАТАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ //Маған Баймаханов Бақытжан есімді азамат// кеңес алу бағытында жолыққан болатын. Құжаттарын толықтай қамти келе, мына азаматқа заңсыз бас тартқаны жөнінде толық көзім жетті. Осылайша мен осы Қызылорда облысы мемлекеттік қызмет істер департаментіне шағымданған болатынмын. Департамент тексеру жұмыстары жүргізілді. // Департамент мамандары арызды зерделеу барысында қызмет алушы жалға алған жерінің мерзімін ұзартуға толық құқылы екенін анықтаған. Тиісінше, бұзушылыққа жол берген қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, жыл басталғалы тұрғындар тарапынан департаментке 30-ға жуық өтініш түскен. ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ // Өтіншітерді қараудың қортындысымен біз 3 азаматтың құқықтарын қалпына келтірдік. Бүгінгі таңда шағымдардың басым көпшілігі жер мәселесіне қатысты болып отыр. Ол жерде туындайтын сұрақтар көп. Кейбіреулері шекарасын өзгертіп бер дейді, біреуі мерзімін созып бер дейді. Кейбір шағымдар нысаналы мақсатын өзгерту. Осы бағыттағы шағымдар басымдылыққа ие. Алдағы уақытта да кез келген өтініш бойынша, осы мемлекеттік көрсететін қызметтердің сапасына қатысты келіп түскен шағымдар бойынша, егер мемлекеттік орган тарапынан заң бұзушылық орын алатын болса, оны толықтай жою бойынша, яғни қызмет алушының құқығын толықтай қалпына келтігенше тексеру жұмыстары ары қарай жалғасатын болады. Департамент мамандары тұрғындардың құқығы қорғала бастағаннан кейін мемлекеттік қызметкерлер тарапынан кететін кемшіліктер саны төмендегенін айтады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/