Құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды #kazakhstan
Қазақстан перспективалы аумақтарды зерделеу және геология саласына инвестициялар тарту үшін шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде.Бүгінгі таңда минералды-шикізат базасы қатты пайдалы қазбалардың 987 кен орнын қамтиды және оларды барлау динамикасы оң күйінде қалып отыр. Сонымен қатар Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы алаңдары табылды. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биылғы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды. Сонымен қатар Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай Палеозой және Королевское жерасты суларының кен орны есепке алынды. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv