«ҰЛТТЫҚ ҚОР - БАЛАЛАРҒА»: ДЕРЕКТЕРДІ ТІРКЕУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?
1 қаңтардан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылып, қазақстандықтарға егов жүйесінде балалардың бар-жоғын тексеруге кеңес берілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. 18 жасқа толған соң бала «Ұлттық қордан» түскен төлемді тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, оның ішінде шетелде білім алу мүмкіндігіне жұмсай алады. Мамандардың айтуынша, ата-аналар ешқандай құжат жинамайды, өйткені процесс тұтас автоматтандырылған. Дегенмен, егов жүйесінде балалар туралы деректердің жетіспеушілігі тұрғындарды алаңдатып отыр. ГҮЛАЙ АШЕКОВА – ТІЛШІ «Ұлттық қор - балаларға» жобасынан үмітті қызылордалықтардың нақты саны әзірге белгісіз. Дегенмен, ел демографиясына айтарлықтай үлес қосып отырған өңірімізде біраз отбасына қаражат бұйыратыны анық. Сондықтан қаражат қашан бөліне бастайды, балалар шотына қалай түседі деген сауалдар соңғы күндері көпшілік арасында ең қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі." Мамандардың айтуынша, ақпан айында кәмелетке толмаған балалардың шотына Ұлттық қордың инвестиция табысының 50 пайызы түсе бастайды. Сондықтан егов порталындағы базада 18-ге толмаған балалар туралы мәліметтің бар-жоғын тексеру маңызды. АЛМАС СӘРСЕНБАЕВ - «БЖЗҚ» АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бірінші тексеру керек, баланың жеке басын куәландыратын құжаты болу керек. Бұл не үшін? ҚР азаматтығы бар ма соны тексеру үшін. Екінші, жеке құжатында тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні, ЖСН деректер толық және дұрыс көрсетілуі керек. Ата-аналар электрондық үкімет порталына кіріп, өздері жеке кабинетінде осы балалар тізімде бар ма, жоқ па соны тексеруге міндетті». Дегенмен дәл осы деректер қорына кіру барысында қазақстандықтар күтпеген жағдайларға тап болып жатыр. //Автоматический тіркеледі деп еді ғой. Жоқ, тіркелмеген/. //бірінші кезде аттары шықпай қалды. Аты-жөндерін кейін қайтадан кіріп, қайтадан орналастырып қойдым/. //өзі бұрыннан тұрмыз ғой, отбасымда сол бір балам тіркеліп тұр. Тағы бір тексеріп көрдім, тұр екен/. ГҮЛЖАНАТ ЖАРАСБАЕВА – ХҚО МАМАНЫ «порталда, приложениеде ол бар. Тек кейбір қателіктер шыққан жағдайда, енді туысқандық связь табылмауы мүмкін болған жағдайда загс маманына келіп, қостырса болады. Кей балаларда сондай ғана қателіктер бар. Негізі барлық балалар Ұлттық қор негізінде тұр»+01:08- құжат көбіне жаңартылмай қалады. Сол кезде обновить документы деген бөлім тұр. Соны басса барлығы тұр». Гүлай Ашекова – тілші «Жалпы бір жылдан бері шотқа ақша автоматты түрде түсетіндігі айтылып келе жатыр. Осы тұста «түсетін ақша бәрібір түссе, еговқа тіркелудің қажет қанша?» деген сұрақ көптің көкейінде жүр. Мамандар баланың жеке сәйкестіндіру нөмірін «баланы қосу» батырмасын басып платформаға енгізу арқылы шотқа түскен ақшаны бақылауға болады дейді». Ал егов порталындағы балалардың деректері жиналған «Отбасы» бөлігінің жоқ болып кету себебі қолданушылардың қолайлығы үшін дейді мамандар. ГҮЛАЙ АШЕКОВА - ТІЛШІ «Мәселен, дәл осы күнге дейін егов порталында балалардың электронды құжатын тексеру үшін, «Отбасы» деген бөлек бөлім болатын. Енді ол басты беттегі цифрлық құжаттамалар деген бөлікке орналастырылды. Міне, осы жердегі Отбасы бөлігін бассаңыз, балаңыз жайлы толық ақпарат шығады. Баланы қосу керек болса, қосу деген батырманы басасыз. Ал, балаңыз жайлы ақпарат қате берілген болса, міне жоғарғы жағында үш түймеше тұр. Осыны басып, қате ақпарат берілгендігі жөнінде хабарлайсыз». Жауаптылар Егов жүйесінде деректердің жетіспеушілігі төлемдерді тағайындауға әсер етпейді деп сендірді. Болжамға сәйкес, 18 жыл ішінде баланың жинақ сомасы шамамен 3,5 мың долларды құрауы мүмкін. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/