Suivant

Ұстаз - ұлағатым

07/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңақорған ауданында ұстаздар күніне орай салтанатты іс-шара болды. Төл мерекесінде ардагер ұстаздар мен еңбек майданында жүрген мұғалімдер сый-құрметке бөленді. Қағаздан, шыны мен пластикалық заттардан жасалған түрлі кескіндер, қолөнер шеберлерінің туындылары, робототехника. Мұндағы әрбір бұйымнан ұстаз бен шәкірттің бірлесе атқарған еңбегі айқын аңғарылады. Көрмені тамашалаған аудан әкімі мұғалімдер мен оқушылардың білім саласында жеткен жетістіктеріне оң бағасын берді. Мұнан соң салтанатты шара басталып, аудан әкімі Мәжит Самитов ұлағатты жандарға ізгі лебізін білдірді. МӘЖИТ САМИТОВ – АУДАН ӘКІМІ // Сіздер берген білім мен тәрбиенің арқасында бала бойына сіңіп жатқан Отанына деген сүйіспеншілік, ұлт мұраты – ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ешқашан мәнін жоғалтпайды. Сондықтан осы жолдағы ұшан-теңіз еңбектеріңіз қоғам дамуына қосып жатқан үлестеріңіз айрықша. Қадірлі ұстадар, осындай жауапты міндет жүктелген мамандықты меңгеріп, білім беру жолында талмай еңбек етіп келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Ізгілікті ізденісті жоғары қойып, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі қызметтеріңізге табыс тілеймін.// Шыңғысхан Сапаров саналы ғұмырын ағарту саласына арнаған азамат. Қырық жылдан астам тәжірибесі бар ұлағатты ұстаздан тәлім алған ұл-қыздар бүгінде еліміздің әр өңірінде қызмет етіп жүр. Қарт ұстаз оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталып, мерейі үстем болды. Сондай-ақ, төл мерекесінде құрмет төрінен көрінгендердің бірі – Бағлан Ахатаева. Отыз жылға жуық білім саласында еңбек етіп келе жатқан ол Өзгент ауылындағы нөмірі 224-ші орта мектебінде химия пәнінен сабақ береді. Білікті педагогтың еселі еңбегі еленіп, мерекеде облыстық білім басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды. Салтанатты жиында тағы бірқатар ұстаздар қауымы оқу-ағарту министрінің, облыс және аудан әкімінің, сонымен қатар, облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңақорған ауданында педагог мәртебесін көтеріп, балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Мәселен, биыл Байкенже ауылында 150 орындық жаңа мектеп және кент орталығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған 400 орындық мектеп пайдалануға берілді.Бүгінгі таңда «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында Жаңақорған кентінде 600 және Жаңарық елді-мекенінде 300 орындық мектептің, сондай-ақ, аудан орталығында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Мерейлі мереке аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant