Әйел судьялардың саны көбейген
10 наурыз - халықаралық әйел судьялар күні. Елімізде ер адамдарға қарағанда әйел судьялардың үлесі артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте айтылды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір қазақстандық әйел судьялардың жалпы саны 85. Соның ішінде Қызылорда облысында 30 әйел судья жұмыс істейді. ШОЛПАН МАЛИКОВА - ОБЛЫСТЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ «Біздің өзіміздің пайымдауымызша осы әйел судьялардың көбірек болуы бұл соттардағы заңдылықтың дамуын арттырады. Өйткені өздеріңіз білесіздер әйелдер ол өз табиғаты бойынша әрдайым алға ұмтылады, көбінесе олар әділеттілікті қалайды. Сонымен қатар олар өзінің табиғатына қарай әлсіз топтарға болысуға тырысады». ЖАНАТ ОСПАНОВА - ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ АЛҚА ТӨРАҒАСЫ «Сот саласында нәзік жандыллардың қызмет атқаруы ол оңай шаруа емес. ол бір жағынан қоғамның тағдырын шешу болатын болса, екінші жағынан ол отбасын қатар алып жүру. Жалпы судья болу деген үлкен псхилогиялық мықтылықты талап етеді. Судья болу деген - заңгердің ең биік шыңы дейді ғой. Судья ол 8 сағат қана судья емес, ол 24 сағат судья. Осындай қызмет атқара жүріп сонымен қатар отбасын да ақсатпай, отбасын да ұстап отыру ол үлкен ерлік, батырлық». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/