Әлеуметтік салаға мемлекеттік қолдау артып келеді
Биыл аймақтағы білім саласын қолдауға 300 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді. Сонымен қатар, білім ошақтарын жаңғыртуға қазынадан 3,1 млрд. теңге бөлінген. Құрылыс бағытында 41 білім нысанының құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде 2024-25-жылдары 12 жайлы мектеп салынады. Ал, Әулиеаталық оқушылар ұзақ жылдар бойы Республикада үздіктер сапында келеді. Қазынадан қыруар қаржы қаралатын маңызды саланың бірі денсаулық сақтау саласына да қолдау артып келеді. 2024 жылы 7,4 млрд. теңгеге 26 нысанының құрылысы жүргізілуде. Сайт - https://jambyltv.kz/ Instagram - https://www.instagram.com/jambyl_tv/ Facebook - https://www.facebook.com/jambyltv/ Tiktok - https://www.tiktok.com/@jambyltv08 Telegram - https://t.me/jambyl_tv