Өмірі өнеге болған өр тұлға
Бүгін Елордада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция болды. Конференцияда өмірі өнеге болған өр тұлға, қабырғалы қайраткердің кісілік келбеті жайында жазылған қос кітаптың тұсауы кесілді. Бердібек Сапарбаев Бесарықтың бесігінде тербеліп, бес өңірге басшысы болған кәнігі кризис-менеджер. Әкімдік институттың әлеуетін көрсеткен, көшелі істердің көшін сүйреп, көрегенділігімен танылған талантты тұлға. Тал бесіктен жер бесікке дейін халқына адал қызмет атқарған ол былтыр, 71 жасқа қараған шағында көз жұмды. Арда азаматты еске алуға арналған конференцияда Парламент Мәжілісінің төрағасы – Ерлан Қошанов мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды. ЕРЛАН ҚОШАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Б.Машбекұлы, тәуелсіз Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол әрі жылдары жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор еңбек сіңірді. Бірқатар өңірге және мемлекеттік органдарға жетеушілік етіп парасатты, іскер әрі білікті басшы ретінде танылды. Халықтың ерекше сый-құрметіне бөленді. Қайраткер тұлғаның адами қасиеттері, кәсіби біліктілігі мен адал қызметі жас мемлекеттік қызметшілерге әрдайым үлгі-өнеге - Қасым-Жомарт Тоқаев. Сапарбаев тізгін алған аймақтың қай-қайсысында қарқын болды. Шaғын жәнe ортa бизнeстiң бойына қан жүгіріп, өңірлерде өркендеу байқалатын. Күрмеулі мәселелер көп кідірмей өз шешімін табатын. Мұның барлығында қабырғалы қайраткердің қолтаңбасы бар. Конференцияда Сапарбаевпен қызметтес, үзеңгілес болған қоғам, мемлекет қайраткерлері өз естеліктерімен бөлісті. ЖАҚЫП АСАНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Б.Машбекұлын Қазақстанда білмейтін адам жоқ. Отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын Алпамыс батырдай тәуелсіз Қазақстанның негізін қалауға ерекше үлес қосты. Парламентаризімді дамытуға бар күшін салды. Конференцияда Бердібек Сапарбаевқа арналған екі бірдей кітап оқырманға жол тартты. «Өнегелі өмір» деп аталатын туындыда мемлекет және қоғам қайраткерінің жеткен жетістіктері, мақалалары, өміріне қатысты тың мәліметтер қатталған. Ал «Ерен де берен Бердібек» кітабына Бердібек Мәшұлының 130-ға жуық замандас, үлеңгілестері ол туралы өз естеліктерін жазған. ҒАЛЫМҚАЙЫР МҰТАНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ //Ұлтымызда өнеге болатын тұлғалар көп. Бірақ олардың еңбегі ұмытылмауы керек. Сонымен қатар осындай адам кім болып еді деген кезде соны жан-жақтан іздемей бір кітаптан табатын мүмкіндік тудыру. Өзі серияның атынан байқалып тұр «Өнегелі өмір» шынында да еліміздің тұлғаларын осы кітапқа ендіру арқылы болашаққа өнеге қылып көрсетіп отырмыз. Алқалы жиында сындарлы сәтте сыр бермей, саналы ғұмырын ел дамуына арнаған Сапарбаев есімін дәріптеу, еңбек жолын, артында қалдырған мұрасын зерделеп, насихаттау жағы кеңінен талқылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/