Өнер фестивалі қорытындыланды
Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтер арасындағы «Ел іші – өнер кеніші» атты дәстүрлі өнер фестивалі өз мәресіне жетті. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған кеште ауыл өнерпаздары марапатталды. Жобаның басты мақсаты – ауылдық жерде танылмай жүрген өнерлі азаматтарды анықтап, оларға шығармашылық қолдау көрсету. Бір айға созылған шарада ауыл өнерпаздары өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Әр кеш сайын қалалық мәдени және демалыс паркінде қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін концерттер ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлады. АЛМАТ ӨТЕГЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ //Өнер фестивалі дәстүрлі түрде биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта аталмыш шараны кең көлемде ұйымдастыру жоспарда бар. Бұл ашық аспан астындағы керемет жобалардың бірі десек те болады.// Әсем ән, сырлы саз, домбыраның қоңыр үні мен мың бұралған бимен көмкерілген жоба аяғына дейін көрермен қошеметінен кенде болмады. Өнер фестивалінде қалаға қарасты кент және барлық ауылдық округтер түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Сондай-ақ, аталмыш жобада үздік өнер көрсетіп, көрермен көзайымына айналған әрбір өнерпаз елеусіз қалмады. Өнерпаздар тартуы қала тұрғындарының көңілінен шықты дейді ұйымдастырушылар.Ал, тыңдарманы барда - өнер өміршең. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/