«Өрлеу» Қызылорда креативті идеяларға қолдау білдірді
«Жаратылыстану пәндерін оқытудағы креативті идеялар». Осындай тақырыпта жаратылыстану пәні мұғалімдері мен ғылыми зерттеумен айналысатын оқушылардың қатысуымен өңірлік семинар өтті. Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалы қолдау білдірді. Семинар аясында табиғи органикалық тыңайтқыш алу бойынша «БиоГум» жобасы таныстырылды. Оқушылар жобаны дайындауға жарты жыл бұрын кіріскен. Алғашында мектеп басшылығы мен биология пәнінің мұғалімдері алақандай ғана «Калифорния» шылаушынын әкеліп берген. Содан бері мектеп ғимаратының жертөлесінде құрттарды бағып-баптап, санын көбейтуде. Оқушылар өздерінің өндірген топырақтарына гүл отырғызып, алғашқы сынақты да жасап көрген. Нәтижесі жаман емес деп отыр. Енді, органикалық тыңайтқышты сатып, пайда көзіне айналдырғысы келеді. «Өрлеу» Қызылорда филиалы атсалысқан жобаның да мақсаты осы – органикалық тыңайтқышқа бай биогумусты өндірумен қатар, оқушылардың кәсіпкерлік қабілетін шыңдау. ГҮЛЖАУҺАР САЙЛАУОВА – ЖОБА АВТОРЫ // Олардың дайын органикалық тыңайытқыш болғандықтан, олар топарқтағы макор және микро элементтерді көбейтеді. Өсімдіктің дамуына септігін тигізеді. Тамырларының жақсаруына, сабағының тез өсуіне, жемістерінің тәтті болуына дәндерінің тұрақты болуына деген секілді көптеген жақсы жақтары бар. сондықтан осындай кәсіпке келуге шештік.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/