Suivant

Өңірде туу көрсеткіші артқан

07/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасқан. Барлық салада өсім бар. Атап айтсақ, өнеркәсіп өнімі 2 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 28, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,8 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 43,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 4,6 пайызға артқан. Жыл басынан бері облыс аумағына 26 мыңнан астам адам келіп, қоныстанған. Ал, туу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы елімізде Түркістан, Маңғыстау және Шымкент қаласынан кейін төртінші орында. Яғни, өңірде үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 14 108 сәби дүниеге келген. ГҮЛМИРА ИМАНБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Мәліметтерге сүйенсек, облысымызда күніне орташа есеппен 52-55 сәби дүние есігін ашады. Айсайын 1560-1600 балаға дейін дүниеге келеді. Облыс халқының табиғи қозғалысы есебі бойынша 2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде қайтыс болғандар саны 3385 адамды құраса, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 3346 адамды құрап 1,2%-ға көбейгендігі байқалады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant