Suivant

Өңірлерде инватакси қызметі жетілдіреді

07/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Тақырыпқа тұздық. Соңғы жылдары Сыр өңірінде инватакси қызметі жүйелі жолға қойылуда. Мүгедектігі бар азаматтар емдеу мекемелеріне жедел жетумен қатар, спорттық-сауықтыру шараларына да арнайы көліктің көмегін пайдалана бастады. Тағдыр тезіне тап болып, арбаға таңылса да, арманы арбаланбаған жандар туралы тілшіміз тарқатады. Шыны керек, қалыпты тіршіліктің қалтқысы кенеттен тұңғыйыққа тартқанда көп адамның салы суға кетеді. Ал, қала тұрғыны Мұрат Ізбенбетов жазатайым жағдайға ұшырап, бір сәтте арбаға таңылса да, ізгілік ізінен жаңылмаған. Өзі кәдуілгі ұста. Оңалту құралдарын жөндеп, тағдырластарына қолғабыс етеді. Ал бос уақытында осылай теннис спортымен айналысып, талай турнирде топ жарып жүр. Қоғаммен тең, ешкімнен кем болмауымызға инватакси қызметінің маңызы зор, дейді кейіпкеріміз. Расында, қамкөңіл жандар үшін инватакси қызметінің маңызы зор. Бүгінде Сыр өңірінде 33 мыңға жуық мүгедектігі бар жан тұрады. Олардың тең жартысына жуығы арнайы көліктің көмегіне жүгінеді екен. Әзірге облыс аумағында 45 инватакси қызмет көрсетуде. Жыл сайын олардың қатарын көбейте түсу көзделген. Мәселен, биыл тірек қимыл жүйесі бұзылған азаматтарға арнайы 2 көлік әкелініп, өз жұмысын бастап кетті. Бүгінгі жиында премьер-министр әкімдіктерге инватакси қызметін қолдап, азаматтар кезек күтпеу үшін автокөлік паркін көбейтуге пәрмен берді. Бұл жаңалыққа мүгедектігі бар жандар үлкен үмітпен қарап отыр. Арнайы көліктердің саны артса, шалғай елді мекендерде тұратын азаматтар да осылай спортпен тұрақты түрде айналысып, қоғамның тең мүшесіне айналары анық. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant