Suivant

Өңір басшысы екі ауданға барды

26/03/24
Aqtóbe tv
Dans Asie / Kazakhstan

Өңір басшысы алдымен Асхат Шахаров Темір ауданына барды. Мұнда Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, департамент бастығы Нұрғали Жүнісовпен бірге ауылды аралады. Қазіргі уақытта ауылда су деңгейі түскенімен, жаңбыр жауып тұр. Аудандық штабтың мәліметінше, 5 үйге су кіріп, 7 көшені және 25 ауланы су басқан. Ахуалды тұрақтандыру үшін әскери қызметшілерді қосқанда 200-ден астам адам мен 34 техника жұмыс істеп жатыр. Әрі қарай Байғанин ауданындағы ахуалды да бақылады. Мұнда да кеше қарғын су үй аулаларына кірген. Бүгінде штаб пен тұрғындар қапқа құм толтырып, көмек сұрағандарға жеткізіп жатыр. Екі аудандағы жұмыста көзбен көрген өңір басшысы әрі қарай да қарқынды бәсеңдетпей, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Төтенше жағдай жарияланбаса да үйлеріне зақым келген тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Сайт: http://aktobetv.kz Instagram: https://www.instagram.com/aqtobetv/ Facebook: https://www.facebook.com/aqtobetv VK: https://vk.com/aqtobetv Twitter: https://twitter.com/aqtobetv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant