Suivant

1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

20/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сәуірдің бірінде көлік құралдары салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осы орайда мемлекеттік кірістер органдары жүргізушілерге көлік салығын уақытылы төлеуге шақыруда. Қазіргі күні қала бойынша 3053 жеке тұлғаның көлік салығы бойынша берешегі 322 миллион теңгені құрап отыр. Бұл 2021-2022 жылдардан қордаланған қарыз. Бірінші сәуірге дейін салықты төлемеген жағдайда кешіктірілген әрбір күнге өсімпұл есептеледі. Қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы берешекті өндіру мақсатында прокуратура, полиция қызметкерлері және жеке сот орындаушылармен бірлесіп 15 наурыздан бастап рейдтік іс-шара жүргізуде. Нәтижесінде қарызы қалыптасқан екі автокөлік иесі анықталып, көлік құралдары айып тұрағына қамалды. АШРАФ ЖҮСІПОВ – ҚАЛАЛЫҚ МКБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бұл салықты мерзімінде төлемеген жағдайда 1,25 еселенген өсімпұл салынады және ары қарай хабарлама беріліп, жеке сот орындаушылармен мәжбүрлі түрде өндіріледі. Осыған байланысты иелігінде көлігі бар салық төлеушілерге салығын төлеуге шақырамыз Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant