110 қап күріш ұрлаған
Қаладағы қоймалардың бірінде бәзбіреулердің түн ішінде көлікке қап-қап күріш тиеп жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Тәртіп сақшылары ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен төрт жігітті ұстады. Төртеуінің де жасы 18-де. Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, ұрланған күріштің жалпы салмағы 2 тоннадан астам, яғни құны 1 млн 237 мың теңгені құрайтын 110 қап күрішті қолды еткен. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/