12 тұрғынды кене шаққан
Күн жылынды, кенеден келер қауіп күшейді. Жыл басталғалы қызылордалық 12 тұрғынды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Абырой болғанда, олардан ауру белгілері анықталмаған. Осыған байланысты қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстар басталды. Сыр өңірі Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынының табиғи ошағы болып саналады. Биыл аймақта 115 елді мекен қолайсыз деп танылса, соның 12-сі Қызылорда қаласында. ГҮЛМИРА СЫЗДЫҚОВА – ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Биылдыққа 12 кене шағудың дерегі тіркеліп отыр басқармаға. Ауру тіркелген жоқ. Ол бойынша жергілікті емханаларға қаулылар беріледі. Ол кісілер белгіленген уақытта бақылауда болады. жағдайлары жақсы. Үйлерінде. Биыл зиянкестермен күреске облыстық бюджетен 170 млн теңге бөлінген. Дизенфекциялық шараларға Ципэк препараты қолданылмақ. Қала көлемінде 2 мыңға жуық қора және суаттар мен шаңлақтарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. ДАНИЯР АЙТЖАНОВ – ҚАЛА ӘКІМІ АППАРАТЫ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ //Осыған дейін дайындық ретінде елді мекендегі барлық мал қораларға механикалық тазалау жүргізіліп қазіргі таңда дайын. Мамандар мал шаруашылығымен және егіс алқаптарында еңбек ететін адамдарға сақ болу керектігін ескертті. Ал қандайда бір ауру белгілері пайда болса, дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/