Suivant

«125 High School» мектебінің екінші филиалы ашылды

13/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада «125 High School» жеке мектебінің екінші филиалы ашылды. Заманауи үлгідегі білім ошағында бұған дейін 10-11 сынып оқушылары ғана оқыса, енді бесінші сыныптан бастап қабылданады. «125 High School» ең алғаш Тараз қаласында оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлайтын шағын орталық ретінде ашылған болатын. Алғашқы оқу жылының өзінде шәкірттер жоғары жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсетті. Бүгінде Халықаралық «125 High School» жеке мектебінің еліміз бойынша 18 филиалы жұмыс істейді. 2023 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен ең жоғарғы 137 балл жинаған оқушы осы мектептің түлегі. ӘЛІБЕК ЕСЕНОВ – «125 HIGH SCHOOL» МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ Бұл мектепті ашудағы мақсатымыз балаларға сапалы білім беру. Және де біз жыл сайын шетелге жібереміз балаларды. Атап айтатын болсам, Оңтүстік Кореяға, Америкаға,Европа елдеріне балаларға мотивация беру мақсатында үнемі жіберіп тұрамыз. Ол күшті әсер етеді балаларға Жеке мектептің озық тұсы - таңдау пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан әрбір оқушы сапалы білім алып, өзі қалаған мамандық иесі атануына үлкен мүмкіндігі бар. Мәселен, өткен жылы Қызылорда қаласындағы мектеп түлектерінің 90 пайыздан астамы грант иегері атанды. ТЕМІРЛАН ӘМІРІЛИЕВ - ОҚУШЫ «125 high school» жеке мектебіне ауысқан кезде алғашқы ҰБТ сынағынан 83 балл алдым, бес айдың ішінде мен өзімнің балымды 117 ге дейін көтере алдым Айта кету керек, мұнда оқушылар азанғы тоғыздан кешкі беске дейін білім алады. Сабақтан тыс уақытта коворкинг залында тынығуға, кітап оқуға, спортпен айналысуға болады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant