Suivant

13-ші жарыс күнінде қандай нәтижелер тіркелді? | Олимпиада ойындарының күнделігі

09/08/24
Qazaq TV
Dans Asie / Kazakhstan

Олимпиада ойындарында еркін күрес шеберлері жарыс жолына шықты. Қазақ балуандарынан бірінші болып боз кілемге Азамат Дәулетбеков шықты. 85 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған ол алғашқы белдесуін АҚШ балуаны Аорон Брукспен өткізді. Аса тартысты өткен белдесуде Дәулетбеков қарсыласына есе жіберіп алды. 4:3 есебімен жеңіске жеткен Брукс финалға өте алған жоқ. Осылайша Азамат Дәулетбеков үшін олимпиада аяқталды. 57 келіде боз кілемге шыққан Мейрамбек Қартбай да алғашқы айналымда жеңілді. Ол қырғыз палуаны Бекзат Алмаз Уулумен белдескен болатын. Бірінші кезеңде Қазақстандық балуан 1:0 есебімен басым түскенімен, кейінгі кезеңдерде басымдық қырғыз балуанында болды. Нәтижесінде 4:1 есебімен Мейрамбек Қартбай жеңіліс тапты. Қырғыз балуаны ширек финалдан әрі аса алмағандықтан, қазақстандық спортшы да жарыстан шығып қалды. Байдарка мен каноэде ескек есуден қазақстандық атлеттер жарыс жолына шықты. 200 метрге ескек есуден сынға түскен Мария Брокова мәреге бесінші болып жетті. Ал ширек финалды 4-ші орынмен аяқтады. Осылайша жерлесіміз жартылай финалдан тыс қалды. Кеше құзға өрмелеушілер жүлдені сарапқа салды. Іріктеуді жақсы көрсеткішке қол жеткізген қазақстандық Әмір Маймұратовтың жолына жанкүйерлер үмітпен қарады. Ол ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы ирандық спортшы Реза Алипурмен сынға түсті. 15 метрлік биік қабырғаға Алипур 5,57 секундта, ал Маймұратов 6,14 секундта көтерілді. Өкінішке қарай, спортшымыздың аяғы тайып кетіп, сәл кідіріп қалды. Иран атлеті бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, жартылай финалға жолдама алды. Ал көркем гимнастикадан Елжана Таниева іріктеуде өнер көрсетіп, финалдық кезеңге шыға алмады. Ол төрт жаттығуда 126.600 ұпай жинап, 13-ші орынға тұрақтады Біздің жобаларға жазылыңыз: @JibekJolypodcast @JibekJolyMusic @JibekjolyNews @Kazinform Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Біздің өзге де бағдарламаларымыз: Жаңа түнгі студия: https://www.youtube.com/playlist?list=PLODSPLCgl5GiGQraJokolZNKIev0buXUb «Мархабат» бағдарламасы: https://www.youtube.com/watch?v=WKE0LWIptls&list=PLODSPLCgl5GgbozvjnJK-2NEOoCT4IAZm Төрлетіңіз! Арман&Ләйлә шақырады: https://www.youtube.com/watch?v=JsB9JvMJlxc&list=PLODSPLCgl5GhBLRXISbmZ-EaIrTPEyMFS Jibek Joly TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте ваши комментарии под этим видео. Смотрите наши топовые шоу: «OZGER»: https://www.youtube.com/watch?v=Hw71fb7qq-A&list=PLODSPLCgl5Gj6TmskWdD2O4H6kWQDAueX «Мужской разговор»: https://www.youtube.com/watch?v=IWKmD08l3YU&list=PLODSPLCgl5GhWUYqeyIwLNTQT3_eu72nV «Наша история»: https://www.youtube.com/watch?v=x-qNURfP76o&list=PLODSPLCgl5GjIQM8_c7Y1InJJ3QLx-_xI #jibekjolytv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant