Suivant

134 отбасы жаңа пәтерге ие болды

15/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Амал мерекесі қызылордалықтарды қоныстой қуанышымен сүйіншіледі. Тасбөгет кентінің орталығынан сәулеті келіскен көпқабатты жаңа үйдің кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табысталды. Облыста демографиялық ахуал жақсы. Алтын құрсақты аналарымыз көп, шүкір. Урбанизация да тоқтаусыз жүріп жатыр, қалаға ағылған жастардың қатары қалың. Жергілікті атқарушы билік те Президент тапсырмасын бұлжытпай орындап, халықты баспанамен қамтуда. Былтыр облыста 11 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биыл да тұрғын үй құрылысы қарқынды жүреді. Биыл бюджет қаражаты есебінен 14,3 млрд. теңгеге 1890 пәтерлік 70 тұрғын үй салынады. Оның 16-сы жеті қабатты. Ал, мына көпқабатты тұрғын үйді «СК Данекер» компаниясы салды, баспана әлеуметтік жағынан осал отбасыларға табыс етілді. Жаңа пәтердің кілтіне ие болған тұрғындар ұлыстың ұлы күнін жаңа шаңырақта қарсы алатындарына дән риза. «Жарқын өмір жаңа парақтан ашылатын болды» деп жақылыққа ырымдаған ағайын да жоқ емес. Осы қуанышты басқосуда өңірдің дамуына үлес қосқан Тасбөгет кентінің тұрғындары мен баспана құрылысын жүргізген мердігер мекеме жұмысшылары марапатталды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant