15 сәуірден бастап Шіркейліге су жіберіледі
Күріш егу науқанына байланысты 15 сәуірден бастап Шіркейлі каналына су жіберіле бастайды. Сол себепті қазіргі уақытта көлдер жүйелері мен шабындық жайылымдықтарды суландыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасында 4749 млн. куб су жиналған. Бұл өткен жылға қарағанда 274 млн. кубқа аз. Демек, тіршілік нәрінің тапшылығы биыл да байқалады деген сөз. Сондықтан тығырықтан шығудың қарекетіне осы кезден кіріскен дұрыс,- дейді мамандар. Сонымен қатар, облыс аумағындағы су қоймаларын жөндеу керектігін айтып отыр. Жалпы, аймақта 6 су қоймасы болса, оның бесеуі Жаңақорған ауданында, біреуі Аралда орналасқан. ҚАЙРАТ ЖАНСҰЛТАНҰЛЫ - ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Манап су қоймасы Манап ауылының аумағында орналасқан. 1934 жылы салынған. Су қойманың жобалық сыйымдылығы 2 млн.текше метр, бүгінгі күні 1,5 млн.текше метр су жиналған, толуы 75 пайыз. Бөгеттің су тоспасының қақпақтары дұрыс ашылып жабылмайды, жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Көлтоған су қоймасы Бірлік ауылының аумағында орналасқан. 1970 жылы пайдалануға берілген. Су қойманың жобалық сыйымдылығы 4 млн.текше метр, толуы 100 пайыз. Бүгінгі күнге су тасқыны қауіпі жоқ. Алайда, су қоймасының бөгетіне күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/